Түркістан облысында этномедиацияны дамытуға арналған семинар басталды

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Этносаралық ортада қақтығыс көріністерінен бас тартуға бағытталған әлеуметтік қатынастарды жетілдіру арқылы медиация институтын дамыту» тақырыбында семинар басталды. Аталған семинар үш күнге жоспарланған, яғни 21-23 мамыр күндері өтеді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

​Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған семинарда этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылуда.

Жиынға ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша Департаменті аудан, қалалық бөлімдердің қызметкерлері, аудан, қала прокурорлары, аудан, қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшылары, ауыл округ әкімдері, сондай-ақ облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің аудан, қалалық филиал басшылары, аудандық, қалалық білім бөлімдеріне қарасты жалпы орта білім беру мекемелерінің психолог, социолог мамандары, жастар қатысуда.

Семинардың ашылуында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қазіргі таңда өңірімізде медиация — дауды шешудің заманауи тәсілі ретінде оң нәтижесін көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Семинарда кәсіби медиатор Қожахметова Гүлжан Бектайқызы «Этномедиация технологиялары. Этномедиация – этносаралық қатынастарды реттеуші функциясы ретінде» тақырыбында, кәсіби медиатор Өтегенова Жұлдыз Төлебекқызы «Әлеуметтік қатынастарды дамытуда медиация институтының тиімді тетіктері» тақырыбында және ҚР Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Абай облысы бойынша филиалының директоры Абжақов Әсет Талғатбекұлы «Конфликт: даму кезеңдері, шиеленісуі және тобырмен қарым-қатынас орнату кезінде жанжалды тұлғаларды профильдеу әдістері», «Наразылық білдірген халықпен және бейресми топ жетекшілерімен тиімді байланыс орнатудың практикалық аспектілері» тақырыптарында мазмұнды баяндама жасап, дәріс өткізуде.

Басқосуда жиынға қатысушылар өңірімізде медиация ісін ілгерілету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған мәселелерді ортаға салмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу бойынша комиссия отырысы өтті

«Еңбекті қорғау жүйесіндегі түйінді тенденциялар мен негізгі перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жетісайдың алғашқы қауындары Ресейге жөнелтілуде

berdaly_oraz

Пікір жазу