Түркістан облысында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс нәтижелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Іс-шараға департамент басшылығы мен қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Кеңесте полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің төрағалығымен өткен жұмыс нәтижелері мен Қазақстан Республикасының ІІМ жариялаған Профилактика жылы мен «Заң мен Тәртіп» принципін жүзеге асыру шеңберіндегі басым бағыттар талқыланды. Облыстың бас полицейі жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың кеңейтілген мәжілісінде айтылған негізгі талаптар мен тапсырмаларын жеткізді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және халықпен тиімді өзара іс-қимыл жасауға назар аудару керектігін де баса айтты.
