Түркістан облысында миллион теңге бопсалаған блогер ұсталды

Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғынын ұстады.
Тергеу мәліметтері бойынша ер адам мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 000 000 теңге талап еткен. Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылған сомасы бар банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды.
Күдікті аймақтық блогер ретінде танымал, әлеуметтік медиа парақтарын белсенді жүргізеді.
Бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Арыста үй жануарырна қатыгездік жасаған 42 жастағы ер адам ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан: «Балалар үні» өнер фестивалінде 600-ден астам бала өнер көрсетті

Шымкентте жігіт жүріп жүрген қызын өлтіріп, мәйітін қорлаған

Пікір жазу