Түркістан облысында мопедін тіркемеген 29 жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысының полицейлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасының 9 тәулігінде жол қозғалысы саласында жалпы 5 479 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оның ішінде мас халде көлік басқарудың 18 дерегі, қозғалыстың қарсы бағытына шығудың 25 дерегі бар.

29 мопед жүргізушісіне мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны және жүргізу куәлігі болмағаны үшін шара көріліп, 21-і айыптұраққа қойылды. Қоғамдық және жеңіл автокөлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мәселен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» республикалық маңызы бар тас жолында «Toyota Camry» автокөлігі маневр жасағаны үшін жауапқа тартылды. Ал «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында екі доңғалақты скутер көлігінің мемлекеттік тіркеуге алынбағаны анықталып, Сайрам аудандық айыптұрағына кіргізілді.

Айта кетсек, бұл шара жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста дін қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті

berdaly_oraz

Түркістан облысы инвестиция тартуда айтарлықтай жетістікке жетті

berdaly_oraz

Еңбек қауіпсіздігін сақтамағандарға қатаң шаралар енгізілді

berdaly_oraz

Пікір жазу