Қазақстандықтар вирустық гепатитке скринингтен өтеді

Қазақстанда 18 жастан асқан азаматтар вирустық гепатит В және С-ні анықтауға арналған толық скринингтен өтеді. Бұл бастама Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген пилоттық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, вирустық гепатит – көбіне симптомсыз өтетін ауру. Дәрігерге кеш жүгінген науқастардың 65%-ында бауыр обыры дамиды. Ал бұл өз кезегінде өлімге немесе мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, негізгі мақсат – вирустың тасымалдаушыларын ерте анықтап, оларды уақытылы емдеу. Скрининг бағдарламасы тұрғындарға аурудың алдын алуға мүмкіндік береді және инфекцияның таралуын азайтуға ықпал етеді.

Бағдарлама пилоттық режимде іске қосылады, кейін оның тиімділігіне байланысты ұлттық деңгейде кеңейтілуі мүмкін.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шардарада жаңа өндіріс жобасы талқыланды

berdaly_oraz

Арыста түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

БРИТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА СҮТ ӨҢДЕУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА НИЕТТІ

Redaktor Arysinfo