Түркістан облысында нашақорлыққа қарсы іс-шара қарқынды жүруде

ҚР ІІМ делегациясы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Түркістан қаласында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес отырысын өткізді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен штаб отырысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары сараланып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Кеңес отырысында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, ҚР ІІМ Кеңес мүшелері Жанос Ақтаев пен Баян Ахатай атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, жұмысты жандандыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Бейсенбай Тәжібаев жауапты тұлғаларға нәтижесіз жобаларды қысқартуды, індетті жеңген кейіпкерлермен кездесу ұйымдастыруды тапсырды. NEET санатындағы жастар, ҰБТ тапсырмайтын азаматтарға колледжердегі гранттар, «Жастар практикасы» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Құрманбек Саховтың 2025 жылдың 4 айында атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылдың 4 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 139 дерегі анықталған (2024 жылы – 280). Оның ішінде, 33-і – қылмыстар болса, 106-і – теріс қылықтар. Заңсыз айналымнан 198 кг 527,60 гр есірткі заттары тәркіленіп алынды. Оның ішінде,  синтетика есірткі заты, гашиш, марихуана, көкнәр сабаны,  кокаин бар.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Жетісайда тазалықты сақтау үшін қосымша 53 арнайы техника алынады

berdaly_oraz

Түркістанда этнос жастары арасында «Бірлік» спорттық сайыстары өтті

berdaly_oraz

Түркістан: Отаншылдықты дәріптеу бағытындағы жұмыстар жанданады

Пікір жазу