Түркістан облысында полиция 70-тен астам ұрланған малды иелеріне қайтарды

Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкерлері «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі мал ұрлығы қылмысын ашып, 70-тен астам жоғалған малды иелеріне қайтарды. Нақтырақ айтқанда, 36 жылқы, 3 сиыр және 33 ұсақ мал заңды иелеріне тапсырылды.

Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлері мал ұрлығына күдікті екі жас жігітті ұстады. Тергеу барысында олардың жергілікті тұрғынның қорасынан 9 қойды ұрлап, сатып жібергені анықталды. Келтірілген шығын жарты миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар кінәларын толық мойындады, ал полиция олардың өзге қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Сонымен қатар, жедел іс-шара аясында тәртіп сақшылары ветеринарлық инспекциямен бірлесіп, мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 3000-нан астам көлікті, 1480 сауда нүктесін тексерді. Нәтижесінде 191 құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шаралар қабылданды. Мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 379 адам жауапқа тартылды.

Полиция халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруа қожалықтарына мал ұрлығының алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Құқық қорғау органдары бұл бағыттағы шаралардың жалғасатынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Арыс-2025»: Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығулары аяқталды

berdaly_oraz

Арыста «Салт дәстүрім – алтын қазынам» атты тағылымды іс-шара өтті

berdaly_oraz

Әлеуметтік мәселелер ашық диалог алаңында қаралды

Пікір жазу