Түркістан облысында шаруаларға 46 жаңа техника берілді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласының мамандарына «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңа техникалар табыстады. Бұл шара «Trade-In» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылығы техникалары қалай жаңартылады?

Өңір басшысының айтуынша, облыста 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар, оның 3 мыңға жуығының пайдалану мерзімі 20 жылдан асып, ескірген. Осыған байланысты алдағы 5 жылда техникаларды 35%-ға жаңарту жоспарланған.

– Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту міндетін жүктеді. Осы бастама аясында нақты жұмыс басталып кетті. Бүгін 46 техниканы жаңартып, шаруаларға тапсырып отырмыз. Бұл қадам ауыл шаруашылығының дамуына үлкен үлес қосады деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров.

Шаруалардың пікірінше…

Жаңа техникаға ие болған шаруалар бұл қолдауға ризашылықтарын білдіріп, мұндай бастамалардың ауыл шаруашылығын дамытуға зор ықпал ететінін атап өтті.

Мал шаруашылығы кешенімен танысу

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Ақсу елді мекеніндегі «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5000 басқа арналған мал бордақылау кешеніне барды. Ол жерде:
✔️ Мал сою алаңы,
✔️ Етті терең өңдейтін цех,
✔️ Мал қанын қайта өңдейтін кәсіпорын құрылыстары таныстырылды.

Әкім жоба жетекшілерінің ұсыныстарын тыңдап, ауыл шаруашылығының терең өңдеу саласын дамыту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде

berdaly_oraz

«Мердігер неге қашып жүр?» Арыс ауданы Атамекен ауылындағы жарықтандыру жұмыстарына қатысты мәселе сотқа жетті

berdaly_oraz

Өңір жаңалығы: Сауранда жаңа ғимарат ашылды

Пікір жазу