Түркістан облысында шіркейлерге қарсы дәрілеу жұмыстары күшейтілді

 

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде шіркейлерге қарсы кешенді дезинсекциялық шаралар қарқын алды. Қазіргі уақытта өңдеу жұмыстары Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Сауран, Отырар аудандарында белсенді түрде жүргізілуде.

Мамандар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай, адам денсаулығына қауіпсіз әрі тиімді дәрілерді қолданып, су айдындары мен шіркейлер көп шоғырланған аумақтарды жүйелі түрде өңдеуде.

22 сәуірден бастап басталған барьерлік химиялық өңдеу аясында:

52 елді мекен 15 секторға бөлінген,

38 бүрку құрылғысымен жабдықталған автокөлік,

23 қол арқа бүріккіші,

4 термогенератор,

дрондар және кәсіби мамандар тартылған.

Аталған жұмыстар шіркейлердің таралуын тежеуге және тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.

Мамандар дәрілеу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес береді және тұрғындарды қажетті ескерту шараларына мән беруге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда өткен халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті

berdaly_oraz

Түркістанда жас полицейлер салтанатты түрде ант қабылдады

berdaly_oraz

Түркістанда полиция бастығы тұрғындарға қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді

berdaly_oraz