ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырасы аясында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын» жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған мәселе бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға өз міндеттерін сапалы атқару жөнінде тапсырма берді.
Мәжілісте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев пен Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжановтың есептері тыңдалды.
Облыста тиісті жұмыстар нәтижесінде  520 полицияның қоғамдық көмекшілері жұмысқа (ақылы 382, ақысыз 119) тартылып, олардың көмегімен 47 қылмыстың ізін суытпай ашуға және 1917 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.
Азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында қала, аудан, сондай-ақ шалғай ауылдарда үйме-үй аралау жұмыстары ұйымдастырылып, интернет-алаяқтық қылмысының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру бойынша жыл басынан 3 рет жолда қабылдау акциясы өткізілді.
Есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар атқарылып, іс-шараларға 76 мыңнан астам оқушы мен студент, ата-аналар және жергілікті тұрғындар қатысқан. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, тұрғындардың құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстар атқарылуда. Облыстағы білім беру ұйымдарының маңына жылдамдықты шектеуге арналған 514 дана жол белгісі, 276 жасанды жол кедергісі және жаяу жүргіншілер өткеліне 4 дана бағдаршам орнатылып, 2100 метр аяқжол мен 2 264 білім беру ұйымының алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтары жаңартылған.
 Сонымен бірге жыл басынан бері 17 аудан, қалада халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Аманат» партиясымен бірлесіп атқарылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржы сарапшылары 3494 азаматты онлайн, 2378 азаматты оффлайн форматта оқытты.
Ал жыл басынан бері жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 567 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, 36 210 жас қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Депутаттар Сайрам ауданындағы жол құрылыстарымен танысты

berdaly_oraz

Жетісайлық шаруа мемлекеттің қолдауымен миллионер атанды

Түркістан облысында жаңа зауыттар іске қосылып, жүздеген жұмыс орны ашылады

berdaly_oraz