Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында республикалық жедел-профилактикалық “Жасөспірім” іс-шарасы өткізілуде. Шара аясында қоғамдық тәртіпті нығайту, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық беріліп отыр.

Полицейлер түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген балаларды, ойын-сауық орындарында ата-анасыз жүрген жасөспірімдерді анықтау және алкоголь мен темекі сату фактілерін болдырмау бағытында рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Мысалы:

Бәйдібек ауданында 17 жастағы жасөспірімге алкоголь сату фактісі тіркелді;

Мақтаарал ауданында дүкен сатушысы балаға темекі сатқан үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Жалпы, іс-шара барысында 1300-ден астам жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді. Құқық бұзуға бейім 52 бала мен тәрбиелік міндеттерін орындамаған 45 ата-ана профилактикалық есепке қойылып, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар мектептер мен оқу орындарында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында дәрістер, бейнероликтер көрсету, танымал әртістермен, спортшылармен, блогерлермен кездесулер ұйымдастырылуда.
Бұл шаралар жастарды заңға бағынуға және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

berdaly_oraz

Түркістан облысында бес жаңа индустриалды аймақ ашылды

berdaly_oraz

12 ақпанда Қазақстанда боран соғып, көктайғақ болады

berdaly_oraz

Пікір жазу