ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ КҮРТ ӨСІП ОТЫР

2025 жылдың 7 айында Түркістан облысы бойынша 716 (2024 жылы 7 айы — 575) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,5%-ға өскен. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және  арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті хабарлады. 

Жол — қателікті кешірмейді. Биылғы жылы жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер саны 28,3% — ға артты (826-дан 1060-қа дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 26,7% — ға өсті (708-ден 897-ге дейін), қаза тапқандар саны 38,1% — ға өсті (118-ден 163-ке дейін).

Бүгінгі таңға ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар: Жетісай — 107, Сайрам — 102, Түркістан қаласы — 93, Түлкібас — 46, Арыс — 45, Келес — 44, Төлеби — 36, Шардара — 33, Ордабасы — 32, Сауран — 30, Сарыағаш — 29, Созақ — 23, Отырар — 22, Қазығұрт – 21, Кентау қаласы — 19, Бәйдібек — 18, Мақтаарал – 16.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы болып табылады, соның ішінде белгіленген жылдамдықтың асыра орындалуы және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.

Құрметті облыс тұрғындары, қонақтар және туристер Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

#Заң_мен_Тәртіп

#Закон_и_Порядок

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА «АЛТЫН КҮЗ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда менталды бұзылыстары бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды

berdaly_oraz

Түркістанда бір мезгілде 500-ден аса оқырман кітап оқыды