Түркістан облысындағы тігін цехында жылына 250 мыңға жуық арнайы жұмыс киімі тігіледі

Төлеби ауданындағы тігін цехы жылына 250 мыңға тарта арнайы жұмыс формасын тігуге қауқарлы. Бүгін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жергілікті кәсіпкерлік нысандарының бірі тігін цехын аралап, жұмыс жүйесімен танысты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Мұнда тұрғындарды жұмыспен қамту, отандық өнім өндіру және кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Шағын және орта бизнес нысандары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретіні анық.

Айта кетейік, кәсіпорын арнайы жұмыс киімдерінен бөлек тігін бұйымдарын жасауды қолға алған. Бүгінде цехта 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда қызметкерлер арнайы киімдер мен тұрмыстық бұйымдарды тігіп, сапалы өнім шығарып жатыр. Жұмысшылардың орташа айлық жалақы мөлшері 120 000 теңге. Кәсіпорында жылына 150 мың дана жаздық және 90 мың дана қыстық арнайы жұмыс киімдері тігіледі. Мұнда тігілген формалар еліміздің бірқатар өңірлеріне және Ресей мемлекетіне жөнелтіледі.

Аудан басшысы жұмысшылармен кездесіп, жұмыс жүйесін бақылады. Кездесу барысында кәсіпкерлік бағытындағы бастамаларға әрдайым қолдау көрсетілетінін айтып, жұмыстарына табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғындардың өтініштері қаралып, нақты шаралар қабылдануда

berdaly_oraz

Арыста кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

berdaly_oraz

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Redaktor Arysinfo