Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарымен болып, жергілікті тұрғындармен, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Өрейлі ой, салмақты пікір айтылған кездесуде облыс әкімі қазыналы қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Ел қазыналарының базынасына құлақ асып, әлеуметтік мәселелерді бірге шешуге шақырды.
Өңірімізді газдандыру, ауыз сумен қамту секілді маңызды мәселелер басты назарда. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Ең алдымен, жұмыстар халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады. Халықпен етене жақын қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Ұсыныс-тілектер мен ескертулер әрдайым назарда, — деді облыс әкімі.
Облыс әкіміне «Арыс жылу» МКК қарасты модульдік қазандықтың жұмысы таныстырылды. Аталған қазандық өткен жылы толық жаңартылып, табиғи газға ауыстырылған болатын. Қазандықтардың технологиялық процестері толығымен автоматтандырылған. Бүгінде «Арыс жылу» мекемесі арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй (1229 абонент), 11 бюджеттік мекеме мен 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтамасыз етіліп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАБОТОЙ ПО РАЗВИТИЮ ГОРОДА АРЫС
Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров в ходе рабочей поездки в город Арыс встретился с местными жителями. На встрече глава региона поделился с уважаемыми старейшинами планами по развитию области. Он внимательно выслушал их пожелания и призвал к совместному решению социальных вопросов.
– Важнейшими приоритетами для нас остаются газификация региона и обеспечение населения питьевой водой. Мы усиливаем работу в этих направлениях. В первую очередь, все наши инициативы направлены на повышение уровня жизни населения. Мы работаем в тесном контакте с людьми, учитываем все их предложения и замечания, – отметил аким области.
Глава региона также ознакомился с работой модульной котельной ГКП «Арыс Жылу». Объект был полностью модернизирован и переведен на природный газ в прошлом году. Все технологические процессы котельных полностью автоматизированы. В настоящее время через предприятие «Арыс Жылу» теплоснабжение получают 27 многоквартирных домов (1229 абонентов), 11 бюджетных учреждений и 10 коммерческих организаций.
Пресс-служба акима Туркестанской области