Түркістан облысының әкімі инвесторлармен металлургия зауытын ашу бойынша келіссөз жүргізді

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Resource Іnvest» компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесуде әріптестік орнату, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

– Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Мақсатымыз – өндіріс орындарын көбейтіп, халықты жұмыспен қамту. Ұсыныстарыңыз зерделеніп, тиісті шешім қабылданады, – деді Нұралхан Көшеров.

«Resource Іnvest» компаниясының өкілдері Евгений Клюев пен Яшар Латыев, сонымен бірге, осы компанияда қызмет ететін италиялық кәсіпкер Вессио Раффаэле металл кластерін дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Жобаны Түлкібас ауданында жүзеге асыру көзделген. Металлургия зауытын ашу жобасын 2024-2032 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған. Жылына 403,2 тыс. тонна өнім шығару межеленген кәсіпорында 400 жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр.

Облыс әкімі жоба нақтыланған соң Жол картасын әзірлеу керек екенін айтты. Бұл мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі басталды

Шымкентте микроклиматты жақсарту үшін ирригациялық жүйелер тиімді іске қосылуда

berdaly_oraz

Түркістан облысында 16 жылдық өтілі бар мұғалім оқушы қызға қол жүгірткен

Пікір жазу