Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мақтаарал ауданы тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, аймақты дамыту барысы талқыланды. Облыс әкімі Мақтааралдың әлеуетін арттыру жұмыстарының жанданатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту және агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында, өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Мақтаарал ауданындағы 13 елді мекенде құны 2,7 млрд теңгені құрайтын 16 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 11 елді мекендегі 37 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Өркениет елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Сонымен қатар, мәдениет үйлерінің құрылысы басталып, орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 750 млн теңгеге 150 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 399 маманға 147,3 млн теңге көлемінде бірреттік көтерме жәрдемақы беріліп, 126 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 1 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие ұсынылды.

Кездесуде тұрғындар инфрақұрылым және әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Кейіннен облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдап, кәсіпкерлік үшін жер телімдерін заңдастыру, ауыз су, жол, жарықтандыру, аяқжол салу және басқа да мәселелерді талқылады. Барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынып, хаттамаға енгізілді.

Айта кетейік, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрғындармен кездесулері барлық аудан мен қалада жалғасады. Жеке қабылдауға «еOtinish» бірыңғай базасы арқылы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазылуға болады.

Кездесудің толық бейнематериалын төмендегі сілтемеден көре аласыз:

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында даяшы қыз әріптесін алдап кетті

berdaly_oraz

АРЫС: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Шымкенттегі «Көктем» базары жаңа сауда орталығына көшеді

berdaly_oraz

Пікір жазу