Түркістан облысы әкімінің өңір тұрғындарымен кездесулері жалғасуда

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өңір тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары жалғасып келеді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Кезекті кездесу Ордабасы ауданында өтіп, аудан тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалды. Облыс әкімі өңірдің, ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, өндіріс орындарын ашу, экономиканы көтеру бағыттындағы жұмыстар дамылсыз жалғасатынын айтты.

“Өткен жылы тұрғындар тарапынан  8 мәселе қозғалған болатын. Бүгінде 6 мәселе шешімін тауып, қалған екі ұсыныс аясында жұмыстар жүріп жатыр. Биыл ауданға қарасты Көктөбе елді мекені көгілдір отынмен толық қамтылды. Төрткүл ауылында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жол бойындағы аспалы көпірдің шатыры жөнделді. Сонымен қатар былтыр Бөген елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Жайылымдық жер мәселесіне қатысты тұлғаларға заң жүзінде түсіндірме шаралары жүргізілді. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өткен жылы өңірдегі 29 жоба қаржыландырылды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2024 жылы 173,9 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 42,3 млрд. теңгеге артты Биыл өнім көлемін тағы арттыру көзделуде. Өңірде өткен жылы 45,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, биыл 52 млрд. теңгеге арттыру жоспарда бар. Ауданға 2024 жылы 45,4 млрд. теңге инвестиция тартылса, оның ішінде 31,5 млрд. теңгесі жеке инвестицияға тиесілі. Биыл ауданға тартылатын инвестиция көлемін 53 млрд. теңгеге жеткізу, осы арқылы 685 жұмыс орынмен 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аудан, қалаларда жүзеге асырылып келеді. Тұрғындарды көгалдандыру, тазалық шараларына белсе қатысуға шақырамын. Ауданның әлеуетін көтеру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасады”, – деген Нұралхан Көшеров жоспарлардың жай-күйін баяндай келе, жауаптыларға өңірдің дамуы жолында тынбай еңбектенуді тапсырды.

Ордабасыдағы индустриалды аймақта 14 кәсіпорын бар. Жоба құны 36 млрд. теңгені құрайды. Жалпы 6 жоба аясында өнеркәсіп саласында оң өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, тамақ өндірісі, трактор жинау зауыты, болат құю зауыты, көкөніс сақтау қоймасы, алюминий өндірісі, газоблок бұйымдарының өндірісі, полиэтилен қалдықтарын өңдеу зауыты тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Тыңдаушылардың криминалистика саласына қызығушылығы ұлғая түсті

berdaly_oraz

5 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды

Арыс қаласының мақтанышы Ерсайын Сырайылұлы мемлекеттік наградаға ие болды

berdaly_oraz

Пікір жазу