Түркістан облысының бас полицейі тұрғындарды жеке қабылдады

Түркістан облысының полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов өңір тұрғындарымен жеке қабылдау өткізіп, олардың құқық қорғау саласына қатысты мәселелерін тыңдады.

Тұрғындар қандай сұрақтар көтерді?

Кезекті қабылдауға Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы, Түлкібас, Қазығұрт аудандарынан келген азаматтар қатысты. Олар негізінен:

  • Тергеу әрекеттерінің заңдылығы,
  • Әкімшілік хаттамалардың дұрыс толтырылуы,
  • Алаяқтық қылмыстарын тергеу мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Облыстың бас полицейі тұрғындардың әрбір өтінішін мұқият тыңдап, мәселелерді заң аясында шешу үшін тиісті құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Полиция қызметінің ашықтығы

Мұрат Қабденов «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру, халықпен кері байланыс орнату мақсатында әр аптаның сәрсенбісінде жеке қабылдау өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл қадам азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайтып, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қабылдау соңында департамент бастығы 17 ауданның полиция басшыларына өздеріне қарасты аумақта тұрғындармен жиі кездесіп, олардың өтініштерін уақыт оздырмай қарастыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент кеңесшісі түркістандық дін өкілдерімен кездеу өткізді

Сарыағаштық жас ұстаз кітап оқуға арналған «Оян, қазақ” жобасын іске асырды

Нұралхан Көшеров Келес ауданы тұрғындарымен кездесті

berdaly_oraz

Пікір жазу