2018 жылдың 19 маусымында ҚР Президентінің Түркістан облысын құру туралы Жарлығына қол қойылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Осы тарихи Жарлықтың шыққанына, яғни, Түркістан облысының құрылғанына биыл жеті жыл толып отыр. Осы қысқа уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Тарихи шаһарда жүздеген құрылыс нысандары бой көтеріп, Түркі әлемінің мәдени және туристік астанасы ретінде ажарлана түсті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.
Жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсіп, 4,5 трлн. теңгеге жетті (2018 ж. 1,7 трлн.теңге).
Өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылдан 2,7 есе артып, 1 214,0 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 438,6 млрд. теңге).
Өнеркәсіптік алаңдарға тоқталсақ, облыс көлемінде инфрақұрылым желілерімен қамтылған 19 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақтар бар. Бұл аймақтарда 52 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 195,4 млрд. теңгеге 57 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Облыста алғаш рет 100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы ашылды.
Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 7 жылда 2 есе артып, алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты (2018 ж. 548,7 млрд.теңге). Жалпы өндірілген өнім көлемі бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.
Агроөнеркәсіп кешеніне 7 жылда жалпы 700 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Инвестиция тарту – экономиканың маңызды бағыты. Облыс экономикасына тартылған инвестиция 7 жылда 4,2 есеге артып, 1335,0 млрд. теңгені құрады (2018 ж. 314,1 млрд.тг). Биыл жыл басынан тартылған инвестиция 387,8 млрд. теңгені құрады (оның ішінде 199,3 млрд. тг. – жеке инвестиция, 128,7 млрд.тг – бюджеттік инвестиция).
Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1 млрд. 144,2 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар (467 млн. АҚШ доллар) 245,0%-ға артығымен орындалды.
Туризм саласына 7 жылда жалпы 442,6 млрд. теңге инвестиция тартылды (жұмыс орындары 18,1 мың адам).
Түркістан қаласында 100 мың адамға лайықталған инфрақүрылым тартылып, тұрғын үйлер салынды. Әлеуметтік-спорттық-мәдени нысандар бой көтерді. Мемлекет басшысының бастамасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріліп, арнайы Заң қабылданды. Бүгінде Түркістан шаһары – Орталық Азиядағы ең сәулетті қалалардың біріне айналып келеді. Ал Түркістан облысында инфрақұрылым жақсарып, ауылдар даму үстінде. Түркістан өңірін дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.