Түркістан облысының спортшылары 21 алтын медаль жеңіп алды

Түркістан  облысында академиялық ескек есу спорты қарқынды дамуда. 17-23 маусым аралығында Теміртауда академиялық ескек есуден Қазақстан чемпионаты өтті. Бәсекеге еліміздің 5 өңірінен 135 спортшы қатысты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан облысының намысын Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Жоғары спорт шеберлігі мектебінің, Олимпиадалық резерв дайындау орталығының 24 спортшысы қорғады.

Бағдарламадағы әртүрлі сайыс түрлері бойынша финалдық кезеңде жерлестеріміз 21 алтын, 15 күміс және 10 қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан чемпиондары атанғандарға тоқталсақ,

Владислав Яковлев, Иван Чернухин, Еркежан Сапарқұл, Лияра Айдарова, Мария Лебедева, Роза Кеңес, Александр Афанасьев, Владислав Галкин, Әділет Керімбек, Қуаныш Бекбембетов, Валентина Волкодавова, Саттарбек Ильхамов, Айбек Саттарбек, Айлин Айдарова сенімді ақтап, топ жарды.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылдық округінің әкімі болып Ербол Ахметов қайта сайланды

berdaly_oraz

Түлкібаста жаңа медициналық нысан ашылды

«КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ОШАҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

berdaly_oraz