Түркістан: Сарыағаш ауданындағы сенбілік жұмыстарында тұрғындар белсенділік танытты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» науқаны  аясында Сарыағаш ауданында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан көлеміндегі тазалық шараларына тұрғындар мен еріктілермен бірге аудан әкімі Арман Абдуллаев белсене қатысып, қоршаған ортаны тазартуға өз үлестерін қосты. Оған қоса, аудан басшысы сенбілік жұмыстарын аралап, бақылады. Сала басшыларына тазалық  және абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Сенбілік жұмыстары таңғы сағат 08:00-де басталып, әр мекеме өзіне бекітілген аумақтарда тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізді. Іс-шара барысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойы, ішкі көшелер, қоғамдық орындар мен аулалар күл-қоқыстан тазартылып, шөптер орылды. Сонымен қатар, қураған ағаш бұтақтары кесіліп, ағаштар ретке келтірілді, әктеу-сырлау жұмыстары атқарылды.

Аудандық сенбіліктің басты мақсаты – тек тазалықты сақтау ғана емес, сонымен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға бағыттау.

Ұқсас жаңалықтар

Облыста жыл басынан бері 11,3 мың гектарға су үнемдеу технологиясы ендірілді

Түркістан облысында биыл 41 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагеріне барады

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨНДІРІС ДАМИДЫ

Пікір жазу