Шымкентте Нұржан Қосмамбет атындағы бокс академиясы ашылды

Бүгін Шымкент қаласының Нұрсәт шағын ауданында заман талабына сай жабдықталған Нұржан Қосмамбет атындағы бокс академиясының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жаңа нысан — “ВС фитнес” клубы негізінде құрылған және қаладағы бірегей заманауи спорт орталығы болмақ. Ашылу салтанатына Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ержан Қосмамбетов, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Мырзағали Айтжанов сынды танымал тұлғалар қатысып, орталықтың лентасын қиды.


Академия бір уақытта 80 адамды қабылдай алатын мүмкіндікке ие. Бұл орталық Шымкент қаласындағы спортты дамытуға және жастарды салауатты өмір салтына баулуға зор үлес қоспақ.

Ұқсас жаңалықтар

Тобылда жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

Redaktor Arysinfo

Шардарада тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмыстары бақылауда

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz