Түркістан: Түлкібаста заманауи балалар ойын алаңшасы ел игілігіне пайдалануға берілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында балаларға арналған жаңа заманауи ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Бұл игілікті іс – өскелең ұрпақтың дені сау, белсенді әрі бақытты болып өсуіне жасалған нақты қадам, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түлкібас кентінде бой көтерген нысанда талапқа сай кіші футбол алаңшасы, қауіпсіз жабын төселген аумақта соңғы үлгідегі сырғанақтар мен әткеншектер, жаттығу құралдары қарастырылған.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев арнайы қатысып, кент тұрғындарының қуанышымен бөлісті.

Жалпы бүгінгі таңда аудандағы 59 елді мекенде мектеп маңы мен округ орталықтарында 63 шағын футбол және ойын алаңшалары, 2 стадион және 3 жекеменшік жабық футбол манежі бар.

Айта кетерлік, биыл аудан орталығындағы халқы көп шоғырланған «Көкжайлау» ықшам ауданы мен Сейдалиев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің алдына балалар ойын алаңшасын соғу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Изолятордағы туған күн: Жауапты қызметкерлерге қатаң шара қолданылды

berdaly_oraz

Сарыағашта  полиция сыныбы ашылды

berdaly_oraz

Әкімшілік кодекске енгізілген өзгерістер: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

berdaly_oraz

Пікір жазу