Түркістан: тұрғын үйлердің құрылыс сапасы қатаң бақылауда

Тұрғын үйлердің құрылыс сапасы қатаң бақылауда, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Түркістан өңірінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен құрылыс сапасын қадағалау жұмысы күшейтілген. Әрбір нысан бақылауға алынған. Құрылыс сапасына қатысты кезекті жиын облыс орталығында өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мердігерлермен кездесті.  Көпқабатты тұрғын үйлердің өзекті мәселелері талқыланған кездесуге құрылыс, сәулет және құрылыс сапасын бақылау мамандары, сондай-ақ қала аумағында жұмыс атқарып жатқан бірқатар мердігер мекемелердің өкілдері қатысты.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан түскен арыз — шағымдар мен аралау барысында анықталған кемшіліктер бойынша тұрғын үй құрылысы сапасына қатысты сын-ескертпелер айтылды. Атап айтқанда, «Дос и К сервис» ЖШС, «Ақ Нұр-строй» ЖШС, «Азим строй» ЖШС, «Саха — 2005» ЖШС, «Талап строй» ЖШС және «Ару — ТАМ» ЖШС сынды мердігер ұйымдардың нысандарына қатысты тиісті ұсыныстар беріліп, жауапты мамандар пікір алмасты.

Жақын арада мердігер мекемелер тарапынан пайдаланудағы тұрғын үйлердің кемшіліктері толық ретке келтіріліп, сапасын жақсарту бойынша тиісті шаралар қабылданады.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында 420 көпқабатты тұрғын үй бар. Тұрғындар тарапынан түскен әрбір арыз-шағым жергілікті әкімдіктің жіті назарында.

Ұқсас жаңалықтар

«Қарызды қайтармағаны үшін»Шымкентте жас жігіт лифт ішінде соққыға жығылып, пышақталды

berdaly_oraz

Түркістанда ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды

berdaly_oraz

Түркістан облысында даяшы қыз әріптесін алдап кетті

berdaly_oraz

Пікір жазу