Түркістанда алғаш рет мектеп психологтарына арналған облыстық конференция өтті

«Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «PsyTalks: Заманауи психологиялық қызметтің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық конференция өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Лекция мен практика форматында өткен алғашқы психологтар конференциясына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы, облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова мен  мыңға жуық педагог-психолог қатысты.

Конференция барысында барлық қатысушылар жасанды интеллект көмегімен  WEGLOBAL.AI платформасында ересектерге арналған мазасыздық, депрессия және стресс деңгейлерін анықтайтын DASS21 психологиялық тестдрайвтан өтті. Тестті 10 минут ішінде 581 адам тапсырып, сол мезгілде нәтиже сараптамасы қатысушыларға  экран арқылы көрсетілді. Оның ішінде қатысушылардың қай ауданнан келгені, жынысы, көңіл-күйі, алған әсеріне сараптама жасалды.

Жиында балалардың зорлық-зомбылыққа, буллингке және кибербуллингке ұшыраған немесе оның куәгері болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтап, оларға тиісті көмек көрсету жұмыстарын жандандыру қажеттігі туралы айтылды. Бүгінгі басқосу – кәсіби психологтармен тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге, ортақ мәселелерге бірге жауап іздеуге үлкен мүмкіндік.

Ұқсас жаңалықтар

Теміртауда қарияны ұрып,соққан 9 күдікті 2 айға қамалды

berdaly_oraz

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған әйелге 12 миллион теңгеге айыппұл салынуы мүмкін

berdaly_oraz

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Пікір жазу