Түркістанда Бірлік мерекесі кең көлемде атап өтілді

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимараты жанындағы аллеяда ҚХА-ның 30 жылдығы аясында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Тұрақтылық – татулық тұғыры» атты іс-шара өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Достық пен татулықты паш еткен мерекелік шараға өңірдегі этномәдени бірлестіктердің, еңбек және шығармашылық ұжымдарының өкілдері, сондай-ақ облыс тұрғындары мен қонақтары қатысты. Жиынға қатысушылар алдымен іс-шара аясында этнос өкілдері ұйымдастырған қолөнер көрмесін тамашалады.

Салтанатты жиында жиналған жұртшылықты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

“Бәріңізді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын. Біз, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтудеміз. Осы жылдар ішінде Ассамблея халқымыздың бірлігін нығайтуға елеулі үлес қосты. Еліміздегі тәуелсіздік пен теңдіктің, тұрақтылық пен татулықтың символына айналды. Таяуда Астанада  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV (34-ші) сессиясы өтті. Маңызды жиында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Ассамблеяның қоғамды біріктіретін ұйымға айналғанын атап өтті. Түркістан облысында қазіргі таңда 2 млн 150 мыңнан аса адам тұрады. Өңірде қазақ халқымен бірге 50-ден аса этностың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Мемлекеттік тілді ұлықтау, ортақ тарих пен тағдырды құрметтеу – баршамызға ортақ міндет. Осы орайда, барлық азаматты ел болашағы үшін бірігіп әрекет етуге шақырамын. Шуақты мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен ынтымақ тілеймін!” – деді Нұралхан Көшеров.

Мерекелік іс-шарада ҚХА-ның 30 жылдығына орай Түркістанда өткен «Бірлік» марафонының жеңімпаздары мен өңірдегі этносаралық татулықты, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 20 жыл бойы баспана күткен тұрғын әкімнен көмек сұрады

berdaly_oraz

«Самұрық-Қазына» қоры Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар үш компанияның иесі атанды

berdaly_oraz

Шымкенттің Су арнасы мемлекетке қайтарылады

Альфия Адамбек

Пікір жазу