ТҮРКІСТАНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

Түркістанда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дін қызметкерлері арасында спартакиада басталды, деп хабарлайды Arysinfo.kz
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысушыларды құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.

– Бұл – спорттық сайыс қана емес, достық пен ынтымақтың, бірліктің айғағы. Себебі спорт та, рухани келісім де адамдарды біріктіреді, әділдікке, табандылыққа және жеңіске жетуге тәрбиелейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылармен жүздесуінде: «Мемлекет спорт саласын дамытуға баса мән береді. Сіздерге қарап жастарымыз спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады. Сіздердің жетістіктеріңіз мемлекеттің беделін арттыруға септігін тигізеді» деген болатын. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Елімізде халықты бұқаралық спортқа тарту көзделген. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала, – деді Ертай Кенжебекұлы.
«Астана» спорт кешеніндегі сайысқа облыс аумағындағы діни конфессия өкілдері және дін саласындағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысуда. Олар  футбол, арқан тартыс, кір тасын (гир) көтеру мен қол күрес (армрестлинг) сынды спорт түрлері бойынша бақ сынайды.
 Ә дегеннен өздерінің жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, үлкен дайындықпен келген діни қызметкерлерінен құрылған командалар өздерін дін ісінің төңірегінде ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанған кәнігі спортшы екендіктерін дәлелдеп бақты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғынды 2 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН: ОРАҢҒАЙДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛУҒА ЖАҚЫН

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИТЫН ЗАУЫТТЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ

Redaktor Arysinfo