Түркістанда қазақ күресінен «Дала қырандары» республикалық турнирі басталды

Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласында 2005–2007 жылы туған жастар арасында қазақ күресінен «Дала қырандары» атты республикалық турнирдің жалауы екінші мәрте көтерілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ұлттық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 8 команда қатысуда. Атап айтқанда, Алматы, Абай, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының құрамалары боз кілемде өзара мықтыны анықтауда.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбеков, сондай-ақ Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Олар жас балуандарға сәттілік тілеп, турнирдің маңыздылығына тоқталды.

Доданың басты ерекшелігі — балуандардың командалық есепте сынға түсуі. Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша өтуде: 60, 66, 72, 78, 84, 90 және +90 келі.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнир жеңімпаздарына жалпы 4 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде тағайындалған.

Ауқымды шараны өткізуге Түркістан қаласы әкімдігі қолдау білдірсе, ұйымдастыру жұмыстарын Түркістан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Самат Рысбеков кәсіби деңгейде үйлестіріп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Блогер NNN 5 млн оқырманы мен жерлестеріне үндеу жолдады

berdaly_oraz

Түркістандағы аламан айтыста Шұғайып Сезімхан бас жүлдені иеленді

berdaly_oraz

Түркістан облысында көршісінің алтынын ұрлаған жас жігіт ұсталды

Пікір жазу