Түркістанда көгалдандыру жұмыстары жандана түсті

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің бүгінгі жұмыс күні жасыл аймақты аралаудан басталды. Жаңа әуежай бағытындағы жол бойына орналасқан алқап көктемде 8 мыңға жуық көшетпен толықтырылған, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Учаскеде тамшылатып суару жүйесіне түгендеу жүргізіліп, істен шыққандарын ауыстыру қолға алынған. Құбырларды реттеу, арықтарды тазалау бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы тексеріліп, жауаптылардың жұмысы сараланды.

Мұндағы 11 шақырымға созылған жасыл белдеу 7 сусорғы (насос) арқылы суғарылады. Жас көшеттердің топырағын тыңайтып, қосымша суғаруға 5 трактор бекітілген.

Өндірістік парк төңірегіндегі жасыл желектердің жағдайы да мамандардың бақылауында. Бұл аймақ су таситын кезекші көлікпен  қамтылған.

Жаңа әуежай тас жолының бойындағы екпелерге су жеткізу мәселесін шешу үшін учаскенің шығыс-солтүстік жақ бетінен жасанды тоған салынып, келетін суды жинайтын арнайы бассейін орнатылған. Су 3 орталық сорап арқылы тамшылатып суару жүйесіне жеткізіледі.

Нұрбол Тұрашбеков жасыл желектерді баптауға жаз мезгіліне арнайы кесте бекітіп, кезекшілік түзуді тапсырды. Сондай-ақ ағаштарды суғару уақытына өзгеріс енгізу қажеттігін де ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласының жаңа дизайн коды таныстырылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында 60-тан астам ауыл ішімдік сатудан бас тартты

berdaly_oraz

Түркістан облысында шегіртке зиянкестеріне қарсы 703 мың гектар жер дәріленді

Пікір жазу