Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды

Түркістанда шайбалы хоккейден республикалық турнир басталды. Бүгін 2015 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация кубогы» республикалық турнирінің жалауы көтерілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

«Мұз сарайында» басталған шайбалы хоккей бәсекесіне 10 команда 136 спортшы қатысып, өзара шеберліктерін байқауда. Жарысқа қатысушы командалар қатарында Алматы қаласынан бес бірдей команда «Strizhi-2», «Tengri», «Alma-Ata», «Dinamo» «Dinamo-2» командалары бақтарын сынап жатса, Ташкент қаласынан «Humo», Петропавлдың «Qulager», Шымкент қаласының «Tornado», Бішкек қаласының «Alga», Өскеменнің «Torpedo» Түркістан облысының «Sarymaq» сынды құрамалары бар. Іс-шараны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашты.

«Бұл жарыс өңірімізде қысқы спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтын баулуға және чемпиондарды тәрбиелеуге үлкен үлес қосады. Облыста қысқы спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Қысқа Азия ойындары мен халықаралық аренада Қазақстан спортшылары жоғары жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Біздің де мақсатымыз – осы үрдісті жалғастырып, болашақ жеңімпаздарды дайындау. Өңірде арнайы спорттық инфрақұрылым дамытылып, жас спортшыларды қолдау жұмыстары күшейтілуде. Қазіргі таңда таңда Мұз сарайында хокей, шорт-трек және мәнерлеп сырғанау  спорт түрлерінен  400-ден астам жас  спортшы жүйелі түрде шұғылдануда», – деді Ертай Кенжебекұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының делегациясы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясына қатысты

Түркістан облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді

berdaly_oraz

Руслан Берденовке жасалған қастандық: 10 патронмен қаруланып келген күдікті кек алуды көздеген бе?!

berdaly_oraz

Пікір жазу