Түркістанда суару жүйелерін өндіретін зауыт ашылады

Түркістан облысында жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін жаңа кәсіпорын ашылмақ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен Өзбекстаннан келген «Samarkand irrigation system» ЖШС директоры Санжар Абилов арасындағы келіссөздер барысында белгілі болды.

Жоба Сауран ауданындағы өндірістік паркте жүзеге аспақ. Қуаттылығы жылына 1750 тонна өнім өндіруге жететін зауытқа шамамен 3 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту жоспарланып отыр. 2025-2027 жылдары іске асырылатын жоба нәтижесінде 50-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімінің орынбасары жобаны толық қолдайтынын айтып, құжаттандыру мен инфрақұрылым бойынша көмек көрсетілетінін жеткізді. Өз кезегінде инвестор жергілікті тұрғындарға өндірістік білім берілетінін, ал болашақта зауыттың қуаты артатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін тараптар Ташкент қаласында кездесіп, ирригация, сумен қамту және агросалаға заманауи технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастық орнатқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан тұрғындары цифрлық қызметтердің қолжетімділігіне жоғары баға берді

berdaly_oraz

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Redaktor Arysinfo

Нұрлан Қоянбаев сәрсенбіні «тыныштық күні» деп белгілеуді ұсынды

berdaly_oraz