Түркістанда үлкен теннистен «ATF 14&Under Turkestan G2» турнирі басталды

Түркістанда орналасқан «Теннис орталығында» үлкен теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында «ATF 14&Under Turkestan G2» халықаралық турнирінің жалауы көтерілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан қаласында алғаш рет ұйымдастырылып жатқан теннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «ATF 14&Under Turkestan» халықаралық турниріне Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан құрамаларымен қатар еліміздің барлық аймақтарынан іріктелген 64 спортшы қатысып, өзара мықтыларын анықтауда. Нақтырақ айтсақ 32 ұл мен 32 қыз жарыс жолына шығып, өз бақтарын сынап көреді.

Спорттық шараның салтанатты ашылу рәсіміне облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова,  «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан, «Түркістан теннис клубының» басшысы Алмас Таушаев қатысып, жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, оларға сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полаттың өлімі: сотта айтылған маңызды жайттар

Арыста қол күрестен ашық біріншілік өтті

New York Times: Трамп АҚШ-тың сыртқы саясатына күрт өзгеріс жасап,Ресейді әріптес ретінде қарастыруда«Ұят екен»

berdaly_oraz

Пікір жазу