Түркістанда жас қаламгерлердің шығармашылық кездесу кеші өтті

Бүгін Түркістандағы облыстық «Фараб» кітапханасында жас жазушы Диана Баратованың шығармашылығына арналған «Шабытқа толы жас әлем» атты кездесу кеші өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Әдеби жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Шымкент қаласының беделді кәсіпкері, қоғам қайраткері  Батырбек Көшербаев қатысты.

Шара аясында «Көлеңкедегі қасірет» атты кітабының тұсауы кесілді. Жиында сөз алған Мәлік Нұржанұлы детектив жанрындағы кітаптың мазмұны мен мәніне ерекше тоқталып, ел Президентінің алғыс хатын тапсырды.

Кеш иесі шығармашылық өмір жолын баяндап, жаңа кітаптың мазмұнына тоқталып өтті. Сондай-ақ оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ерекше пікір алмасуға ұласты. Шығармашылық кешті ақын, ҚР Жазушылар одағының Түркістан облысындағы өкілі Айдар Сейдәзім жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

Шардарада шомылу маусымы салтанатты түрде ашылды

Түркістан облысының спортшылары жүзуден Қазақстан чемпионатында 11 жүлде иеленді

«Арыс-2025»: Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығулары аяқталды

berdaly_oraz

Пікір жазу