Түркістандық делегация Қытайда өткен дәстүрлі медицина туралы халықаралық мәжіліске қатысты

Қытайдың Шэньси провинциясында Солтүстік-Шығыс Азия елдерінің аймақтық әкімшіліктері қауымдастығының дәстүрлі медицина жөніндегі комиссиясының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аталған жиын «Дәстүрлі медицинаның жаңа мүмкіндіктері: денсаулық сақтау саласындағы жаһандық қоғам құру» тақырыбында өтіп, онда NEAR ұйымына мүше 20 аймақтың өкілдері төбе көрсетті. Атап айтқанда Түркістан облысының делегациясы, Жапонияның Эхиме префектурасы мен Токио қаласы, Оңтүстік Кореяның Сиань қаласындағы консулдығы қатысты. Кездесу барысында дәстүрлі медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Маңызды шараға Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысып, Түркістан өңіріндегі дәстүрлі медицина бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Сондай-ақ, Шэньси провинциясының вице-губернаторы Ли Синван, NEAR бас хатшысы Лим Бён Джин, Моңғолияның Сэлэнгэ аймағының вице-губернаторы Сайнцог, Бурятия үкіметі төрағасының орынбасары Евгения Лудупова және Оңтүстік Кореяның Сиань қаласындағы консулдығының басшысы Хон Сун Чхан қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда «Египетке жұмысқа орналастырамын» деп алдап, миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды

berdaly_oraz

Арыс қаласының орталығындағы «Батырлар алаңында» салтанатты іс-шара өтті

Арыс қаласындағы №35748 әскери бөлімі маңызды оқу-жаттығудан өтті.

berdaly_oraz

Пікір жазу