ТҮРКІСТАНДЫҚ ЗІЛТЕМІРШІЛЕР ҚР ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Ұлытау облысы, Жазқазған қаласында ауыр атлетикадан 2009-2010 жылдар аралығында туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жеке-командалық ҚР чемпионаты өтті.
Бұл сайысқа Түркістан облысынан 10 спортшы қатысып, оның 4-і жеңіспен оралды. Атап айтқанда, ұлдар арасында 65 кг салмақ дәрежесінде Арапбай Жанасыл 1 орынға ие болып, чемпион атанды. Сонымен қатар, 79 кг салмақ дәрежесінде Ирсали Нұрмұхаммед 2 орынға ие болды. Ал, қыздар арасында 53 кг салмақ дәрежесінде Лесбек Райян — 2 орын, 58 кг салмақ дәрежесінде Өмірзақ Кәусар 3 орынды еншіледі. Жеңімпаз спортшылар Арыс, Шымкент қалалары және Шардара ауданында орналасқан спорт мектептерінде жаттығуда. Жаттықтырушылары Т. Ускенбаев, А. Кубеев, С. Құрманов, Б. Идрисов.
Жалпы, жарысқа 153 спортшы қатысты. Олардың қатарында, Түркістан облысынан бөлек, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола және басқа да өңірлер мен қалалар бар. Түркістан өңірінің спортшылары 17 облыс-қала ішінен жалпы командалық есепте 4 орынды ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін онлайн-санақ кезеңі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

ТҮРКІСТАН: МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Redaktor Arysinfo