ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – жабық есіктің ар жағында қалатын емес, қоғам болып қарсы тұруды қажет ететін мәселе.

Отбасындағы күш көрсету, қорқыту, кемсіту, қорлау немесе психологиялық қысым адамның денсаулығы мен ар-намысына зиян келтіреді. Әсіресе мұндай ортада өскен балалардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.

Сондықтан зорлық-зомбылыққа тап болған адам үнсіз қалмауы және көмек сұраудан қорықпауы керек. Құқық қорғау органдарына, тиісті мемлекеттік мекемелерге және мамандарға жүгіну – қауіпсіздікті қорғаудың маңызды қадамы.

Отбасы – қорқыныштың емес, сенім мен сыйластықтың мекені болуы тиіс.

Зорлыққа көз жұму – мәселені шешпейді. Зорлық-зомбылыққа жол бермеу – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 34 мыңға жуық түлек мектеп бітіреді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арысқа жұмыс сапарымен келді

berdaly_oraz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Redaktor Arysinfo