Ұлытау облысындағы кеніш апаты: жеті кенші қаза тауып, тергеу басталды

17 ақпан күні кешке Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданындағы кеніште орын алған апат салдарынан жеті кенші өмірден өтті.

Кеніште тау-кен массасының опырылып түсуі салдарынан жұмысшылар шахта ішінде қалып қойған. Кабельдердің үзілуіне байланысты олармен байланыс орнату мүмкін болмады. Іздестіру-құтқару шаралары барысында кеніштен жеті жұмысшының денесі табылды.

Оқиғадан кейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты және тиісті ведомстволарға барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар, апаттың себептерін жан-жақты зерттеу үшін арнайы комиссия құрылды. Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады.

«Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетеді

Кәсіпорын ұжымдық келісімшартқа сәйкес, қайтыс болған кеншілердің отбасыларына қаржылай және әлеуметтік қолдау көрсететінін мәлімдеді. Материалдық көмек аясында марқұмдардың отбасына олардың жылдық жалақысының он еселенген сомасы төленеді. Сондай-ақ жерлеу рәсіміне кететін шығындарды өтеу үшін 2 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Бұған қоса, компания асыраушысынан айырылған жанұяларға ай сайынғы төлемдер жүргізуді, балалардың оқу ақысын өтеуді, марқұмдардың несие мен қарыздарын жабуды және қосымша қолдау шараларын қарастырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталады

berdaly_oraz

Жер қойнауын пайдалануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Ордабасыда ерлік: полицейлер ер адамды өлім аузынан арашалап қалды

berdaly_oraz

Пікір жазу