Үш облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды

Үш облыста ауа райына байланысты жолдар жабылды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

24 наурыз күні кешкі сағат 18:00-ден бастап еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелген аумақтар:

▪️ Ақтөбе облысы – Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз автожолының 3-92 шақырымы (Қандыағаш пен Ембі қаласының арасы).
▪️ Қостанай облысы – Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Мариновка ауылына жақын аумақ.
▪️ Солтүстік Қазақстан облысы – Петропавл айналма жолының 4-7 шақырымы (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).

Жол қозғалысының қашан қалпына келетіні туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қоғамдық орынды ластаған тұрғындар жауапқа тартылды

Елімізде 3 бірдей қаржы пирамидасын ұйымтасырушылар ұсталды

АРЫС: ЖАҚЫН ЖЫЛДАРЫ ЖАҢА 165 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Пікір жазу