Вице-министр жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қоныс аудару жөніндегі өңіраралық жәрмеңкеге барып, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығының, Арнаулы кәсіптік колледждің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметімен танысты, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Өңірге келген вице-министр бірінші ретте Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарынан қатысушыларды тарта отырып, Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырған қоныс аудару жәрмеңкесіне барды.

Асқарбек Ертаев Еңбек министрлігі қазақстандықтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге өз еркімен көшіру тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін 5 жыл мерзімге уақытша пайдалануға алуда жеңілдікті жағдайлар жасалды. Қоныс аударушыларға төленетін субсидиялар банктер мен басқа қаржы ұйымдары алдындағы несиелік міндеттемелер бойынша өндіріп алудан қорғалған.

Қандастарды немесе қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және ерікті қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметтердің электрондық форматына көшу жүзеге асырылды», – деп хабарлады вице-министр.

Ол сондай-ақ шығу және қабылдау өңірлерінің еңбек мобильділігі орталықтарына еңбек күші тапшы өңірлерге көшуге ниет білдірген азаматтардан кеңес беру және өтініш беруге жәрдемдесу жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынды.

Бұдан әрі вице-министр өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшыларымен, Түркістан облысы аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарларымен, өңірдің әлеуметтік мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Ол өз баяндамасында арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін ұйымдардың  ішкі көші-қон және лицензиялау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында егістікті ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алды

berdaly_oraz

Қазақстанда картоп бағасын тұрақтандыру үшін жаңа әдіс ұсынылды

berdaly_oraz

Түркістанда алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды

berdaly_oraz

Пікір жазу