АРЫСТА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан  облысы Арыс қаласында «ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ЕЛ ДАМУЫ» тақырыбындағы аймақтық дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті, деп жазады Arysinfo.🇰🇿 тілшісі

Дөңгелек үстелге Арыс қаласы, Отырар және Ордабасы аудандарынан өкілдер келіп қатысты. Іс-шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оларды ұрпақ санасына сіңіру және қоғамның дамуына қосар үлесі жан-жақты талқыланды.

Атап айтқанда, “Шаңырақ” ҚБ басшысы С.Байзахова, Түркістан облысының «Әжелер алқасының» төрайымы, ардагер ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Сауран ауданының құрметті азаматы, «Еңбек ардагері» төсбелгісінің игері Б.Байтенова, Қолөнер шебер, этнограф, «Қазақ Өнер Түркістан» қолөнершілер одағының төрағасы Ж.Сүиімбай сөз сөйлеп, тақырыптық құндылығымен бөлісті. Өз кезегінде қатысушылар да өз ойларымен бөлісіп, маңызды пікірлер мен ұсыныстар айтты.

Мұндай кездесулер – ел болашағы үшін маңызды қадамдардың бірі. Өйткені ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Алдағы уақытта жоба облыс аумағында Әкелер байқауы, Ұлттық құндылықтар апталығы, Облыстық эссе байқауы сияқты іс-шаралармен жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы азаматтарды жеке қабылдады

berdaly_oraz

«Бір күндік әкім орынбасары» Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов,ертеңіне орнын босатты

berdaly_oraz

Жаңа Конституцияны қолдауға қатысты әр партияның өз ұстанымы бар

Redaktor Arysinfo