Алдағы күндері Қазақстанға келетін антициклон әсерінен кей өңірлерде күн қатты суытады. Оңтүстікте жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн райын антициклон айқындайтын болады, сол себепті жауын-шашын болмайды деп күтіледі.
Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі деп болжанып отыр. Кей аудандарда тұман мен жел күшейеді.
Ал ауа температурасы елдің батысында түнде — 5 градус пен + 5 градус арасында, күндіз 10-18 градус жылы болады деген болжам бар.
Солтүстік-батыста түнде 0-10 градус аяз, күндіз 7-15 градус жылы болады деп күтіледі.
Синоптиктер солтүстікте ауа температурасы түнде 0-10 градус аяз, күндіз 5-13 жылы болады деп болжап отыр.
Елдің орталығында түнде термометр бағаны 2-14 градус аяз бен 7-1 градус жылылықты көрсетеді, күндіз 5-10 градус жылы, кей жерде 10-15 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.
Шығыста түнгі температура 5-25 градустан 0-15 градусқа дейін, күндіз 0-10 градустан 5-15 градусқа дейін көтеріледі.