Жетісайда екі ай бұрын із-түссіз жоғалған әйелдің денесі көршісінің ауласынан табылды

Жетісайда екі ай бұрын із-түссіз жоғалған әйелдің денесі көршісінің ауласынан табылды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Жетісайда қаңтар айында ізім-қайым жоғалған 38 жастағы Айгерім Әжікееваның мәйіті араға екі апта салып көрші көшедегі тұрғынның үйінен табылды. Марқұмның анасы Мейрамгүл Бердалиева қызының 28 қаңтарда жұмысқа кеткеннен кейін қайта оралмағанын айтады.

Марқұмның туыстары күдіктіні сол күні-ақ болжағандарын, алайда тәртіп сақшыларының дереу әрекет етпегенін алға тартады. Қайғы жамылған отбасының айтуынша, күдікті бұған дейін де екі мәрте адам өлтіріп, сотталған. Айгерімнің денесі табылған күні ғана ол өз еркімен полицияға берілген.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан ауыр атлетшілері ҚР чемпионатынан жүлделі оралды

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

Redaktor Arysinfo

Түркістан: Сарыағаш ауданындағы сенбілік жұмыстарында тұрғындар белсенділік танытты