Жетісайда қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесі мен 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығы аясында бүгін Жетісай ауданында заманауи қоғамдық көліктердің кілті табыс етілді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Аудан аумағында жолаушыларды тасымалдаушы «SAR avto» ЖШС арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы елді мекен тұрғындарының аудан орталығына қатынауын оңтайландыру үшін 10 бағыт бойынша қоғамдық көліктер санын арттырып отыр.

Заманауи үлгідегі 14 шағын автобустың кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Алмасбекұлы, еңбек ардагері Тойым Жүнісов қатысып, жұртшылықты айтулы мерекелерімен құттықтады. Жүргізушілерге су жаңа көліктердің кілтін тапсырды.

«Аудан аумағындағы қоғамдық көліктерді жаңартудағы басты мақсатымыз – бірінші кезекте жолаушыларға оңтайлы жағдай жасау болса, екінші кезекте заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысатын автокөліктерге бәсекелестік орнату» дейді аудан басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

berdaly_oraz

Түркістанда шегірткеге қарсы күрес күшейтіліп, өңірде жедел әрекет жоспары іске қосылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында «Жасыл аймақ» КММ-нің бұрынғы басшысы сотталды

berdaly_oraz