Жетісайда мақта мен сүт кластері дамиды: жаңа инвестициялық жобалар іске асырылмақ

Жетісайда мақта мен сүт кластері дамиды: жаңа инвестициялық жобалар іске асырылмақ,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Түркістан облысында инвестиция тарту және өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, Өзбекстанмен шекаралас аймақтарға ерекше назар аударылуда. Осы орайда облыс әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданында бір топ кәсіпкер мен инвестормен кездесіп, маңызды жобаларды талқылады.

Өндірістік әлеуетті арттыруға қолдау бар

Өңір басшысы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру туралы нақты тапсырма берді. Сондықтан біз инвесторларды қолдап, өндірісті дамытуға мүдделіміз. Инфрақұрылым мен жерге қатысты мәселелерді жергілікті әкімдіктер дер кезінде шешуі тиіс,» – деді Нұралхан Көшеров.

Кездесуде кәсіпкерлер өз ұсыныстарын білдіріп, алдағы жоспарларын таныстырды. Аудан әкімі Серік Мамытовқа бұл жобаларды қадағалау жөнінде тапсырма берілді.

Мақта кластері: 10 млрд теңгелік жоба

Жетісай ауданында мақта өндірісін дамыту мақсатында Асықата кентіндегі индустриалды аймақта жаңа жоба жүзеге аспақ. «TST Jetysay Textile» ЖШС жалпы құны 10 млрд теңге болатын кешен салуды жоспарлап отыр. Жоба аясында:

Мақта өңдеу зауыты;
Жіп иіру фабрикасы ашылады.

Жылына 40 000 тонна мақта өңделіп, 5000 тонна жіп өндірілмек. Зауыт іске қосылғанда 520 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Қазіргі уақытта жоба бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіліп, құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Сүт кластері: 16 млрд теңгелік инвестиция

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту шеңберінде «Агросүт» ЖШС сүт фермасы мен қайта өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 16 млрд теңге. Құрылысты 2025-2026 жылдары аяқтау көзделген.

Нәтижесінде:

200 тұрақты жұмыс орны ашылады;
2000 тонна сүт өнімдері өндірілмек.

Қазір жобаға қажетті жер телімі бөлініп, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Медицина саласындағы ірі жоба

Жетісай ауданында денсаулық сақтау саласын жақсарту үшін «Samruk Medikal Clinik» ЖШС 9 млрд теңгеге медициналық орталық салуды қолға алған.

1-кезең – Асықата кентінде заманауи медициналық орталық салынып, құрылыс жұмыстарының 95%-ы аяқталған. Қазір медициналық құрал-жабдықтар орнатылып, білікті дәрігерлермен келісім жасалған.

2-кезең – Жетісай қаласында 7 млрд теңгеге көпсалалы оңалту орталығы салынады. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтылып, 900 науқас бір мезетте ем қабылдай алады. Қазіргі уақытта жобаның құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер

Кездесу барысында барлық жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланып, қажетті шешімдер хаттамаға енгізілді. Өңір басшылығы инвестициялық жобаларға қолдау көрсетіп, өңір экономикасын дамытуға ерекше назар аударып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның “Тұран” волейбол командасы үш дүркін ел чемпионы атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына келді

Алматыда Өтеген батыр көшесінің бойындағы қойма өртеніп жатыр

berdaly_oraz

Пікір жазу