Сайрам ауданында FSMSocial цифрлық платформасы таныстырылды

 

Сайрам ауданында әлеуметтік қызметтерді цифрландыру мақсатында FSMSocial платформасын таныстыруға арналған ведомствоаралық оқыту жиыны өтті. Шараны аудан әкімдігі мен «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастырды.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев ашып, цифрландырудың маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, FSMSocial платформасы әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға қызмет көрсетуді жеңілдетіп, саладағы процестерді оңтайландыруға ықпал етеді.

«Отбасын қолдау орталығы» басшысының орынбасары Махаббат Айтбаева платформаның 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап толық енгізілетінін хабарлады. Жүйені меңгеру үшін әр мекеме қызметкерлеріне оқыту жұмыстары ұйымдастырылады.

Жиынға аудандық полиция, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік қызмет және ауыл әкімдіктерінің мамандары қатысты. Қатысушылар жаңа жүйенің мүмкіндіктерімен танысып, өзара тәжірибе алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласында мемлекеттік қызмет алушылар күні өтті

Альфия Адамбек

Арыста Жеңіс рухы жаңғырып, тарихқа тағзым жасалды

berdaly_oraz

ЛИФТТЕГІ ҚОРҚЫНЫШ: ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАҒАЗДА ҒАНА МА?