Жол сапасын арттыру мақсатында штаб-отырысы өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе» екендігін атап өтіп, жол сапасын арттыруды тапсырған болатын, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Осыған орай, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен штаб-отырысы өтті. Жиынға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Бақылау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ бейне-селектор арқылы аудан-қала әкімдігі қатысты.

Басқарма тарапынан облыстық маңызы бар жолдардағы учаскелерге талдау жасалып, жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін атқарылатын жұмыстар зерделенді. Аталған бағыттағы жұмыстар «Қазавтожол» ҰК АҚ ТОФ және тиісті аудан әкімдіктері тарапынан қолға алынады. Тұрғындар мен көлік жүргізушілердің сұраныстарын негізге алып, тиісті орындарға бейне камералар орнатылуда. Көлік қозғалысының жылдамдығын шектеу мақсатында 100 жерге «Сергек» камераларын орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар биыл облыстық маңызы бар 903,3 шақырым жол мен көшелер жөнделуде. Ал 27,5 шқ жарық шамдар орнатылып, 3470 шақырымға таңбалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ 3015 м2 шұңқыр жамалып, 2690 жол белгісі қойылды. Республикалық және  облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 30 жерге үй жануарларының макеттері қойылып, 17 шақырым темір қоршаулар орнатылды.

Зұлпыхар Сансызбайұлы тиісті сала өкілдеріне мердігер мекемелермен тығыз жұмыс істей отырып, жол сапасын жақсартуды қатаң тапсырды. Жиналыс барысында бірқатар ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, ЖКО орын алған учаскілер «gis.kgp.kz» электрондық базасында дәл көрсету қажеттігі ұсынылды. Жолаушыларды заңсыз тасымалдау және жеке таксилердің (индрайвер, яндекс) жұмыстары заңмен реттеледі.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет отырысы: Елде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады

Келес тұрғыны ашқан цехта күніне 500-ге жуық шұлық шығады

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ» МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

berdaly_oraz

Пікір жазу