Арыста ардақты аналарға құрмет көрсетілді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Арыс қаласында қоғамның дамуына үлес қосқан бірқатар аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Қала әкімі Қайсар Маңқараев көп жыл бойы түрлі салада еңбек етіп, өңірдің өркендеуіне үлес қосқан нәзік жандарды арнайы қабылдады.

Кездесу еркін форматта өтіп, қала басшысы аналардың өмірлік тәжірибесі мен қоғамдағы рөліне тоқталды. Ол өз сөзінде аналардың тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел бірлігі мен тәрбие ісінде де маңызды орын алатынын атап өтті.

Жиын барысында Роза Сұлтаналиева марапатталды. Ардагер ұстаз әрі ақынға Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасы шешімімен берілген «Халық құрметі» төсбелгісі табыс етілді.

Кездесу барысында аналар да өз ризашылықтарын білдіріп, елдің тыныштығы мен қаланың өркендеуіне тілектестік білдірді. Шара соңында қонақтарға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК – ЖАЗҒЫ СУРДОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo