ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы 23 қазанда басталады. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қаулысына сәйкес, жылу алдымен әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерге бекітілген кесте бойынша кезең-кезеңімен беріледі.

Қазіргі таңда қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне 13 607 тұтынушы қосылған. Оның ішінде 230 көпқабатты тұрғын үй, 30 бюджеттік ұйым және 164 өзге де тұтынушы бар.

Жылыту маусымының тұрақты әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекемелерге жылу жүйелерінің жұмысын бақылау және тұрғындарды сапалы жылумен қамту тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндерге құрмет көрсетілді

Redaktor Arysinfo

ҚР қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенция

Нұралхан Көшеров: Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді

Redaktor Arysinfo