Халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады – Әшімбаев

Халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады – Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтар өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты стратегиялық шешімді демократиялық жолмен қабылдағаны туралы ойын айтты.

Бүгін Орталық референдум комиссиясы АЭС салу мәселесіне қатысты республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Соған сәйкес референдумға қатысқан азаматтардың 71,12 пайызы аталған мәселені қолдап дауыс бергені белгілі болды. Осылайша, қазақстандықтар өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты стратегиялық шешімді демократиялық жолмен қабылдады, — деді ол.

Бұл оқиға Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолындағы бағдарын халықтың қолдайтынын тағы бір көрсетіп берді.

Сондай-ақ референдум «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жасалған кезекті нақты қадамдардың бірі екені сөзсіз. Ал, оған азаматтардың белсенді қатысуы елімізде жаңа саяси мәдениеттің орныға түскенін білдіреді. Жалпы, атом электр стансасы – тұрақты және таза қуат көзі. Бұл энергия тапшылығын азайту және экономикалық даму жолында айрықша маңызға ие. Сондықтан осы референдум және халық қабылдаған шешім елімізді жаңа белеске шығарады деп сенеміз, — деді Әшімбаев.

Дереккөз: BAQ.KZ

Ұқсас жаңалықтар

1 мамырдан бастап ШЫМКЕНТ – МӘСКЕУ бағыты бойынша тұрақты рейс ашылады

berdaly_oraz

New York Times: Трамп АҚШ-тың сыртқы саясатына күрт өзгеріс жасап,Ресейді әріптес ретінде қарастыруда«Ұят екен»

berdaly_oraz

Зейнеткерлерді қаржылық тығырықтан шығару жолдары ұсынылды

berdaly_oraz

Пікір жазу