«ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің тыңдаушыларына арналған оқу курсы өз мәресіне жетті. Оқу курсының қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Аталған курс жас мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, басқарушылық қабілеттерін дамытуға және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын терең меңгеруіне бағытталды. Оқу барысында тыңдаушылар мемлекеттік басқару жүйесі, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық, коммуникация және қызметтік этика мәселелері бойынша білімдерін жетілдірді.

Бағдарлама аясында түрлі дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

Оқу курсының қорытындысында тыңдаушыларға сертификаттар табысталып, олардың алдағы мемлекеттік қызмет жолында табысқа жетуіне тілектестік білдірілді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда суару жүйелерін өндіретін зауыт ашылады

berdaly_oraz

«Қатты жел,найзағай» Ертең Түркістан облысында дауылды ескерту жарияланды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢАРТЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo